+A A -A

16.12.2020«Мен сені мақтан тұтамын, Қазақстаным» мерекелік онлайн-микрофон

Қазақстанның Тәуелсіздігі-біздің ортақ игілігіміз, мақтанышымыз және байлығымыз! Атаулы күн қарсаңында И. Шухов атындағы орталық қалалық кітапхана «Мен сені мақтан тұтамын, менің Қазақстаным» атты мерекелік онлайн-микрофонын өткізді. Онлайн-шараға: М. Қозыбаев атындағы СҚУ «Рухани жаңғыру» әлеуметтік гуманитарлық зерттеулер институтының директоры Қартова Зәуре Кеңесқызы; СҚО Қазақстан халқы Ассамблеясының өкілдері; қалалық мәдениет үйінің «Қызылжар лебі» триосы; Жоламанов Али Төлеуұлы, Петропавл қаласының Жастар ресурстық орталығының еріктісі; М. Жұмабаев атындағы Петропавл гуманитарлық колледжі жанындағы жалпы білім беретін мектеп-лицейінің және № 17 ұлттық жаңғыру мектеп-кешенінің оқушылары қатысты. И. Шухов атындағы орталық қалалық кітапхана Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнімен құттықтайды.