+A A -A

Клубы

«SАNА» әдеби-музыкалық клубы

Кітапханада алғашқы рет мемлекеттік тілде ересектерге арналған "SАNА" атты әдеби-музыкалық клубы ашылды. Қазақстанда мемлекеттік тілде оқу мәселесі мемлекеттік маңызы бар мәселе ретінде бірінші орынға шығады. Клубтық бағдарламаның сәтті жүзеге асуы мемлекеттік тілді халық арасында кеңінен насихаттауға, рухани, білімдік және интеллектуалдық деңгейінің жоғарылауына, Қазақстанның тарихи -мәдени мұрасын сақтауға ықпал етеді. Клуб өкілдері-әдебиет пен мәдениет саласындағы құрметті адамдар, қала тұрғындары.

Клубтың негізгі мақсаттары:

  1. Қазақ әдебиеті мен ауызша халық шығармашылығын насихаттау және дәріптеу;
  2. Мемлекеттік тіл мәртебесін нығайтуға жәрдемдесу.
  3. Өскелең ұрпақты зияткерлік-рухани дамытуға, адамгершілік-патриоттық тәрбиелеуге ықпал ету.
  4. Тарихи-мәдени және рухани мұраны сақтау.
  5. Қарт адамдарды қолдау, қоғам өміріне араласуға ынталандыру, өз-өзіне деген сенімділікке ие болуға, шығармашылық қабілеттерін көрсету, өз білімін және тәжірибесін бөлісу.

II. Клубтың міндеттері:

1. Мемлекеттік тілде әдебиетті оқуға деген қызығушылықты арттыру, мемлекеттік тілді сақтауға жауапкершілікті қалыптастыру.

2. Клубтың жиналуы ай сайын (үшінші бейсенбі, сағат 15.00)

«Сиқырлы қазан» ертегілер клубы

6-12 жастағы балалар үшін.

Клубтың мақсаты - балаларды кітапханаға белсенді тарту, оларды кітап пен оқуға қызықтыру, бос уақытын ұйымдастыру.

Міндеттері: оқырмандардың қызығушылығын дамыту, әр түрлі жұмыс түрлері арқылы балалардың кітапқа деген қызығушылығын дамыту.

Клуб отырыстары жоспарға сәйкес айына бір рет кітапханада өтеді. Барлық іс-шаралар сиқырлы, фольклорлық ертегілермен байланысты, әсіресе балалар тәрбиесіндегі ертегінің рөлін ерекше атап өту керек.

Іс-шаралар формалары әртүрлі: әдеби сағаттар, әдеби ойындар мен викториналар, ертегілік саяхаттар.

Мақаланы құрған күні 11.03.2020 11:38
Мақаланы жаңартқан күні 03.02.2022 17:11
Қаралым саны: 1566