+A A -A

Кітапхананың тарихы

Орталық қалалық кітапхана көпшілік кітапхананың (№10 кітапхана) негізінде құрылып, 1976 жылы орталықтандыру кезінде 16 бөлімнен тұратын Петропавл қаласының кітапханалық орталықтандыру жүйесінің (ОҚК) орталығы болып құрастырылды.

1977 жылы желтоқсан айында аталған кітапхана Пролетарская көшесі, 65 (қазір Брусиловского, 65) жаңа ғимаратқа көшті.

1977 жылы желтоқсан айында Орталық қалалық кітапханаға белгілі Қазақстан жазушысы Иван Петрович Шуховтың есімі берілді. Орталықтандырылған кітапханалық жүйенің 16 көпшілік кітапханалық филиалында барлық қалалық тұрғындар қызметпен қамтамасыз етті. 

Орталықтандырылған кітапханалық жүйе 42 ұйым және кәсіпорындағы кітапханалық пунктерде қызмет көрсетті.

Жалпы кітап қоры 400 000 астам дана кітаптан және кітапшадан құрылған, келушілердің саны 320000 адамға дейін жетті.

Орталық қалалық кітапхананың бірінші басшысы өз жұмысына жан қияр, принципшіл, адал адам Попова Нина Евгеньевна болды.

1977-1997жж орталық қалалық кітапханада жаңа бөлімдер ашылып, болашақта дамудың жолы болмаған кітапханалар жабылды. 

1977 жылы орталық қалалық кітапхананың құрамында И. Шухов атындағы орталық қалалық кітапхана ғана қалды.

Қазіргі таңда қаланың ықшам аудандарында көпшілік кітапханалардың қайта жандандыру процессіне аса назар аударылуда: 

2005 жылы — Былғары зауыт ауданында орталық қалалық кітапхананың №1 кітапханасы ашылды.

2007 жылы — сапаржай ауданында орталық қалалық кітапхананың негізіндегі №2 кітапханасы ашылды.

Бүгінгі таңда И. Шухов атындағы орталық қалалық кітапхана — бұл мәдени-ағарту, тәрбиелік-ақпарат беретін, сондай-ақ жасөспірімдер мен жасы ұлғайған шақ қауымы келушілерге қызмет етіп, кітапхана ісін ұйымдастырып, жүзеге асыратын мекеме болып табылады. Орталық қалалық және кітапхана-филиалы 6 200 саны бар өз оқырмандарына кітап қорындағы 91 000 дана кітап және кітапша, мерзімді басылымдарды ұсынады.

Оқырмандардың негізгі құрамында: қызметкерлер, зейнеткерлер, жұмысшылар, студенттер, оқушылар. Жасөспірімдер оқырмандардың санын алғанда 75% құрайды.

Кітапхана оқырмандарының 10% зейнеткерлер құрайды. Осы жүйедегі оқырмандармен жеке жұмыстар жүргізіледі, мүгедек-зейнеткерлерге үйлерінде қызмет көрсетіледі. 
Соңғы кезде орталық қалалық кітапхананың негізгі приоритетінде кітапхананың халыққа қызмет етуі көптеген ұйымдармен қатынасы көп: олар «Асыл-Ана» қоғамы, «СҚО Бала кезінен мүгедек балалар және ата-аналар ұйымдары». «СҚО Бала кезінен мүгедек балалар және ата-аналар ұйымдары» мекеменің 47 мүгедек балаларға арнайы бағдарламалар бойынша қызмет көрсетіледі. Мүгедек балалармен жұмыс істеу бойынша 2007-2008 жж. «Подарим радость и надежду» атты мақсаттық бағдарлама жетілдірілген.

«И. Шухов атындағы орталық қалалық кітапхана» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры Гүлнәзия Тоқыбайқызы Бикенева. 

Мақаланы құрған күні 18.11.2019 17:35
Мақаланы жаңартқан күні 06.08.2021 14:10
Қаралым саны: 1441