10 наурыз күні И.Шухов атындағы  ОҚК «Sana» әдеби-музыкалық клубының негізгі іс-шаралар жоспары аясында Дина Нұрпейісованың 165 жылдығына орай  «Дина және күй өнері» шығармашылық кеш өтті.

           Іс-шараның мақсаты: Дина Нұрпейісованың шығармашылығымен таныстыру,оқушыларды өнерге баулу, домбыра өнеріне қызығушылықты арттыру. Іс-шараның шымылдығы концерттік нөмірмен Ақан Сері атындағы облыстық филармониясынының Сегіз Сері атындағы қазақ халық аспаптар оркестрінің домбырашысы Серікбай Диас ашып берді.

Содан соң Динаның өмір жолы, шығармашылығы туралы бейнеролик көрсетілді.

              Дина Нұрпейісова 1861 жылы Батыс Қазақстан өңірінде дүниеге келген. Домбырада ол тоғыз жасынан бастап ойнай бастады. Дина — ұлы Құрманғазының дарынды шәкірті, дарынды күйші-композитор. Оның жұмысы күйлерді орындаудың өзіне ғана тән өзіндік сипатымен сипатталады.           Спикер ретінде сөз алған Құсаинов Серікбай Бәриұлы- Қызылжар өңіріне белгілі мәдениет қайраткері, Ы.Алтынсарин атындағы медальдің иегері, облысымыздың бірінші  кәсіби күйшісі,еңбек ардагері- Динаның өмір жолы өте күрделі, тағдыры сынакқа толы екенін айтып берді. Өнер-бұл адамдардың рухани іс-әрекетінің бір түрі және адамның әлеуметтік ғылымдағы шындықты рухани игеру түрі туралы айтып кетті. Дина – тек күйші ғана емес, қазақ әйелдерінің өнердегі биік тұлғасының, халық рухының символы. Оның өмірі мен өнері ақын-жазушылар шығармашылығына арқау болды. Осы түрде оқушылар өлең айтып берді.

           Баяндаушылар мен қатысушылар іс-шара тақырыбы бойынша толық ақпарат беріп, бейнероликтерді қарап, өз әсерлерімен бөлісті, шынайы ықыластарын білдіріп, зор қуаныш пен шабыт сыйлады.  Қызылжар ауданынан келген домбыра үйірмесінің жетекшісі Шайтас Сайлыбаевнаның шәкірті «Тойбастар» күйін ойнап берді. Сондай ақ, домбыраға бейім  қонақтар «Бұлбұл»,«Әсем қоңыр» атты күйлерін  орындады.

                      Осындай тағылымды кештер арқылы ұлттық өнеріміздің мәртебесі биіктеп, жас ұрпақтың рухани дүниесі байыта түсетіні сөзсіз.  

Дата создания: 12.03.2026
Дата обновления: 12.03.2026
Количество просмотров: 18