04 желтоқсан күні И.Шухов атындағы орталық қалалық кітапханада «Sana» әдеби-музыкалық клубының негізгі іс-шаралар жоспары аясында «Сананың жылы нұры» жылдық қорытынды отырысы өтті. Бұл кездесу клубтың бір жылдық шығармашылық жұмысына шолу жасап, атқарылған істердің маңызын айқындаған ерекше шара.

Шара барысында жүргізуші өткен жылдың нәтижесін жасап, керемет видео-рилс ұсынып, естелік фото, бейнефильмдерді көрсетіп ең жарқын сәттерді еске алып, ортақ шабыт пен жылулыққа бөлісті. Бұл клуб — өлең мен әуеннің, шығармашылық пен достықтың мекені. Барлық келген қонақтар клубтың рөлі туралы, оның маңыздылығы және халқымыздың мәдениеті мен дәстүрінің негізгі құндылықтары туралы айтып, 2026 жылға арналған жоспарларын талқылап, шығармашылық байланысты одан әрі нығайтуға ниет білдірді, яғни қатысушылардың «жанның жылы нұры» деп бейнелейтін рухани шуағы таралды деп айтуға болады. Қатысушылар мәдени іс-шараларға қызығушылықтың артқанын, жастармен жұмыстың жандана түскенін және жобалық қызметтің кеңейгенін атап өтті.    Іс-шараның негізгі бөлігінен соң кітапхана директоры Гүлназия Бикенева жыл бойы белсенділік танытып, клуб жұмысына үлес қосқан қатысушыларға алғысын білдіріп, қалалық мәдениет бөлімінің атынан арнайы алғыс хаттарды табыстады. Бұл сәт әрбір белсенді мүшеге деген құрмет, назар, сондықтан кештің мерекелік атмосферасын одан әрі шаттыққа толтырды.

Шара соңында келген меймандар шай дастархан үстінде танымал әсем әндер, нұрлары жылы сезімге толы әнгімелер айтып, еркін пікірлерін білдіріп, жылдың соңғы отырысынан біраз әсер алып қайтты. Ал «Саналы сәттер» деп аталатын көрмеде әдеттегідей кітаптар емес, өткізілген іс-шаралардан керемет естелік суреттер орналасқан. «Сананың жылы нұры» атты қорытынды отырыс клуб мүшелерінің бірлесе еңбектенген жылын түйіндеп, жаңа серпіліс пен жаңа шабытқа жол ашқан мәнді іс-шара болды. «Sana» әдеби-музыкалық клубының қатысқандар мүшелерінің саны 25.

 

Дата создания: 05.12.2025
Дата обновления: 05.12.2025
Количество просмотров: 89