«Жүректен шыққан – жүрекке жетер»
29 қазан күні «SANA» әдеби-музыкалық клубының негізгі жоспарына сәйкес ұйымдастырылып отырған «Ұлттық оқуға бастар 100 кітап» ұлттық жобасы аясында «Жүректен шыққан – жүрекке жетер» атты әдеби-танымдық дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Алған тақырып «Жүректен шыққан – жүрекке жетер» -бұл атау — тек сөз тіркесі емес, ой мен сана арасындағы алтын көпір. Себебі, бұл жоба – тек кітап туралы емес. Бұл – ұрпақтан ұрпаққа жалғасатын рухани мұрамыз, ұлттық жадымыз туралы,ұлттық болмысын сөзбен өрнектеген қаламгерге тағзым және қошемет. Кітап-халықтың рухани қазынасы, ұлттың жаны. «Әдебиет-халықтың жаны»- деген М.Әуезов. «100 кітап» жобасы жас ұрпақтың жүрегіне жеткізудің жарқын жолы болып табылады, ал сауалнаманың негізгі мақсаты– ұлттық әдебиетіміздегі асыл қазыналарды қайта жаңғыртып, қазақстандық жазушылардың шығармашылығымен таныстыру, кітапты оқу мен насихаттаудың маңыздылығына назар аудару, еліміздің әдеби мұрасын сақтау және дамыту, оқуға деген қызығушылықты нығайту. Жоба аясында еліміздің ең маңызды, тәрбиелік маңызы жоғары көркем және ғылыми-көпшілік шығармалар топтастырылған. Бұл кітаптар – ұлттық кодтың, тарих пен тәрбиенің, адамгершілік пен парасаттың үлгісі. Басында жүргізуші іс-шараның мақсаты туралы айтып кетті. Жиынның шымылдығын концерттік нөмірмен ашылды. Жуырда «Қайырлы таң» бағдарламасында түсірілген «Менің атым Қожа» атты сұхбатты көріп, кітап негізінде түсірілген белгілі фильмдерден үзінді көрсетіліп, жиналғандарға викторина ұсынылды, слайдтар көрсетілді. Содан соң сөз алған негізгі спикерлер мен қатысушылар Марал Зейнел-Ғабиқызы Оспанова– ақын, қаламгер, сөз зергері, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, «Егемен ел патриоты» республикалық байқауының жеңімпазы, «Қазақстан Республикасының коғам қайраткері», «Алтын жүрек» марапатының иегері; Қаламқас Киреева- аталған мекеменің кітапханашы; Жанат Мұхамеджанов-«Қазақ тілі» халықаралық қоғамы» қоғамдық бірлестігі, Солтүстік Қазақстан облыстық филиалының төрағасы; Тұрысбек Мейіржан- Ұлттық ұлан академиясының курсанты; Сыздықова Ажар, М.Қозыбаев атындағы университетінің 4 курс студенті, тарих мамандығы және басқа да қосымша сөз алған әрбір спикер, яғни қонақтар өздерінің таңдап алған кітаптырымен таныстырды, оның неліктен маңызды екенін және неге оқуға тұрарлық екенін түсіндіріп кетті, тізімдегі қандай кітаптар оларға жақын, жастарға қандай кітаптар ұсынар еді деген сұрақтарға жауап берді. Сондай ақ, қатысушылар құндылықты қалыптастырудағы әдебиеттің рөлі туралы, ұнаған кітаптар туралы сөз өрбітті, пікір алмасты. «100 кітап – 100 тағдыр» атты кітап көрмесінде жазушылардың кітаптары көрсетілген. Кітап – мәңгілік мұра. Оқырман мен кітаптың арасында көпір болып, ұлттық әдебиетімізді насихаттай беру – баршамыздың парызымыз!
Алтынай Сыздықова
«Sаnа»әдеби-музыкалық
клубының ұйымдастырушысы





