Мәдениет тынысы
Жуырда «Qyzylgar» телеарнасында кітапхананың тарихы туралы «Мәдениет тынысы» бағдарламасының онлайн трансляциясында сұхбат бердім. Жалпы бағдарлама мәдени ошақтарды танытуға, жұмысын көрсету, кітапхана қызметі мен мүмкіндіктері туралы көрерменге танытуға бағытталған. Кездесу барысында И. Шухов атындағы орталық қалалық кітапхана қашан құрылды? кітапханаға жазушы Иван Шуховтың есімі қашан және қандай себеппен берілді? бүгінде кітапхана қорында қанша кітап бар? қандай бағыттағы әдебиеттер көп сұранысқа ие? кітапхана жанында қандай клубтар жұмыс істейді? «Sana» әдеби-музыкалық клубы туралы толығымен айтып өтсеңіз. Оның мақсаты қандай? деген сұрақтарға жауап бердім.



