И. Шухов атындағы орталық қалалық кітапханада «Ана тілім – асыл қазынам» атты танымдық кездесу кеші өтті. Іс-шара «Sana» әдеби-музыкалық клубының негізгі іс-шаралар жоспары аясында ұйымдастырылып, қазақ тілінің маңызына, оның тарихына, байлығы мен ұлттық мәдениет және рухани құндылықтарды сақтаудағы рөліне арналды.
Кездесуге зиялы қауым өкілдері, ақындар, «Sana» әдеби-музыкалық клубының мүшелері, студенттер, мектеп оқушылары және кітапхана оқырмандары қатысты.
Іс-шара әсем әнмен басталып, көрермендерге ерекше әсер мен мерекелік көңіл күй сыйлады. Кездесу барысында қазақ тілінің ұлттық құндылық ретіндегі маңызы, халықтың тарихи жады мен рухани болмысындағы орны кеңінен сөз болды.
Кеш барысында ұрпақтар сабақтастығы мәселесіне ерекше назар аударылды. Ана тілі – өткен мен бүгінді, бүгін мен болашақты жалғайтын алтын көпір. Тіл арқылы ұрпақтан ұрпаққа ата-бабамыздың даналығы, ұлттық салт-дәстүріміз, мәдениетіміз бен рухани құндылықтарымыз беріледі.
Іс-шара аясында «Туған тіл – тұғырым» атты кітап көрмесіне шолу жасалды. Көрмеде қазақ тілінің тарихы мен дамуына, тіл мәдениеті мен шешендік өнерге арналған кітаптар, жергілікті ақын-жазушылардың шығармалары, сондай-ақ мақал-мәтелдер мен қанатты сөздер жинақтары ұсынылды.
Кездесуде ана тіліне арналған өлеңдер оқылып, әндер шырқалды. Қонақтар мен қатысушылар тіл мәдениеті, мемлекеттік тілдің қазіргі қоғамдағы орны мен маңызы туралы өз ойларымен бөлісті. Кештің ерекше мәні – аға буын өкілдерімен қатар студенттер мен мектеп оқушыларының белсенді қатысуында болды.
«Ана тілім – асыл қазынам» атты танымдық кездесу ана тілінің қоғамдағы орнын дәріптеуге, ұлттық руханиятты насихаттауға және жас ұрпақтың туған тілге деген сүйіспеншілігін арттыруға бағытталған маңызды басқосу болды.
Ана тілін құрметтеу, оны күнделікті өмірде қолдану және оның байлығын кейінгі ұрпаққа жеткізу – халқымыздың рухани мұрасын сақтау әрі еліміздің болашағына қамқорлық жасау.
Жиналған қонақтарға буклеттер таратылды, тиісті кітаптар жинағы ұсынылды, соңында барлығы естелік фотоға түсті.
Жүргізуші: Алтынай Қожабайқызы
Манаш Қозыбаевқа 95 жыл
И. Шухов атындағы орталық қалалық кітапхана жанынан құрылған «Sana» әдеби-музыкалық клубы мен Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің бірлесуімен көрнекті ғалым, академик Манаш Қозыбаевтың 95 жылдығына арналған «Манаш Қозыбаев — тұғыры биік тарлан тарихшы» тағылымды әдеби кеш өткізді.
Манаш Қозыбаев – тек ғалым ғана емес, елдің тарихын түгендеп, ұлттық сананы жаңғыртуға үлкен үлес қосқан тұлға. Оның еңбектері бізге өткенімізді танып, болашағымызды бағамдауға жол ашады. Манаш Қозыбаев – өткенді тірілткен, тарихқа жан бітірген, ұлттың жадын жаңғыртқан ұлы тұлға. Оның еңбектерін оқығанда, өз тамырыңды тереңірек сезінесің, өз еліңе деген мақтаныш сезімің оянады. Әрине бұл – тек еске алу ғана емес, ұлт руханиятына өлшеусіз үлес қосқан тұлғаның мұрасын ұлықтау. бүгінгі кеш – жай ғана кездесу емес, бұл – рухпен қауышу, тарихпен тілдесу, ұлттың ұлы тұлғасына тағзым ету сәті.
Іс-шара барысында ғалымның симпозиумда сөйлеген сөзінен голограмма ұсынылып, көрермендерге ерекше әсер сыйлады. Сонымен қатар дәріс залында Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің тарихы туралы деректі фильм көрсетілді. Кеш аясында кітап көрмесі, сондай-ақ университет тарихы мен Манаш Қозыбаевтың өмірі мен шығармашылығына арналған мольберт көрмелері ұйымдастырылған.
Жиынға келген құрметті қонақтарға сөз берілді. Олардың қатарында әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі басқарма мүшесі Төлепберген Әділхан, «Қазақ филологиясы» кафедрасының филология ғылымдарының кандидаты, профессор Жанар Таласпаева, И.Шухов атындағы орталық қалалық кітапхананың қызметкері, «Sana» әдеби-музыкалық клубының жетекшісі — Алтынай Сыздықова,университеттің тарихи музей жетекшісі Ботагөз Қожабекова және университет студенттері бар.
Кештің көркем бөлігінде студенттердің орындауында «Манаш Қозыбаевқа арнау», «Манаш», «Манаш Қозыбаев», «Манаш Қозыбаевқа арнау» әндер шырқалып, күйлер орындалды.
Бұл – жай ғана еске алу кеші емес, ұлт руханиятына өлшеусіз үлес қосқан тұлғаның мұрасын ұлықтау, рухпен қауышып, тарихпен тілдескен тағылымды сәт болды. Осындай мәні зор кешті ұйымдастырушыларға алғыс білдіре отырып, рухани кездесулердің саны арта берсін деген тілегімді жеткіземін.
Осындай тұлғаның есімімен аталатын университеттің, кітапхананың рухани өмірге үлес қосып, «Sana» әдеби-музыкалық клубы арқылы осындай кештер ұйымдастыруы – қуантарлық жағдай. Бұл – жастарға үлгі, тарихқа құрмет. Осындай игі істер арқылы біз ұлы есімдерді ұмытпай, кейінгі ұрпақтың санасына сіңіріп келеміз.
Қазақстанда Кітапханашылар күні мен Ұлттық кітап күні 23 сәуірде бірге атап өтіледі. Мерекелердің осылайша бір күнге тоғысуы оның мән-маңызын арттыра түсіп, кітапханалардың білім тарату мен мәдени мұраны сақтаудағы орны ерекше екенін айқындайды. Жаңа күннің белгіленуі кітап мәдениетінің қоғамдық және кәсіби маңызын ұштастырып қана қоймай, іс-шараларды жоғары деңгейде ұйымдастыруға мүмкіндік береді. Себебі кітап – ұлттың рухани жадын сақтайтын асыл қазына. Кітап арқылы біз тек білім алып қана қоймай, өз тамырымызды, тарихымызды танимыз. Кітап – менің сырласым, жазуы – ақылдың қырағысы. Оқысаң – бойың тіктелер, ұлттың ертеңгі шырағысы! Осы орайда «Qyzylgar» телеарнасында кітапхананың тарихы туралы «Біздің өңір» бағдарламасының онлайн трансляциясында сұхбат бердім. Бағдарлама мәдени ошақтарды танытуға, жұмысын көрсету, кітапхана қызметі мен мүмкіндіктері туралы көрерменге танытуға бағытталған. Сұхбаттың тақырыбы: «Кітапхана:білім мен мәдениеттің ордасы».
16 наурыз – Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күні. И.Шухов атындағы орталық қалалық кітапханада «Sana» әдеби-музыкалық клубының негізгі іс-шаралар жоспары аясында ұлттық салт-дәстүрлерді дәріптеу және мәдени мұрамызды кеңінен насихаттау мақсатында «Бата – халық мұрасы» атты библиоэфир өтті. Эфирдің қонағы – Әбдірахманов Тілек Әйтімұлы – Қазақстан Республикасының құрметті байланысшысы, тыл ардагері, Солтүстік Қазақстан облысының құрметті азаматы.
«Ғасыр ақыны – Мұқағали» әдеби кеш
И.Шухов атындағы орталық қалалық кітапханада «Sana» әдеби-музыкалық клубының негізгі іс-шаралар жоспары аясында Мұқағали Мақатаевтың 95 жылдығына арналған «Ғасыр ақыны – Мұқағали» әдеби кездесу кеші өтті. Іс-шараның мақсаты: ақиық ақын, артына айрықша өшпейтін із қалдырған Мұқағали Мақатаевтың өмірі мен шығармашылығына шолу жасау,мемлекеттік тіл мәртебесін нығайту, қазақ поэзиясындағы ақынның рухани мұрасын насихаттау. Мазмұны:Мұқағали поэзиясының қазақ әдебиетіндегі орны. Ақын жырларының бүгінгі оқырманға әсері. Мұқағалидан алған рухани тағылым.
Биылғы бірініші отырыстың шымылдығы Есжанов Біржан Сәрсембайұлы — «Мәдениет саласының үздігі» медалінің иегері, халықаралық және республикалық ән байқауларының лауреаты, қазақ әндерді орындаушы, Ақан сері атындағы облыстық филармонияның әртісінің орындауында М.Мақатаевтың «Қазағым-ай», «Аягөз ару» әндерімен ашылды.
Алдымен журналист М. Бекбаева ұсынған жазушының өмір жолы мен толық өмірбаяны туралы бейнеролигі көрсетілді. Мұқағали Мақатаев – ғасыр ақыны. Мұқағали 1931 жылы Алматы облысы, Райымбек ауданы, Қарасаз ауылында дүниеге келді. Оның өлеңдері – қазақ халқының жан дүниесінің көркем шежіресі. Ақынның шығармашылығы –махаббат пен мұң, тағдыр мен уақыт, адам мен қоғам философиясының терең үйлесімі. Мұқағали Мақатаев –уақытпен шектелмейтін, адам жанына жақын, шындықты жырлаған ақын. Ол – өлеңді тағдыр еткен, поэзияны өмірмен теңестірген тұлға. Жыр әлемінің жарық жұлдызы –Мұқағали Мақатаевтың 95 жылдығына арналған «Ғасыр ақыны- Мұқағали» атты әдеби-кездесу кештің ерекшелігі –ұлы ақынның шығармашылығын қонақ ақындармен бірге талдап, поэзия туралы ашық сұхбат құру. Ол – бір ғасырдың емес, бір ұлттың рухын көтерген, жырымен жүрекке жол тапқан мәңгілік ақын деп айтамыз, себебі Мұқағали – халықтың жүрегінде өмір сүрген,өлеңімен елін сүйген,мәңгілік жыр қалдырған ұлы ақын.
Шара барысында клуб мүшелері мен оқырмандар ақын туралы еркін сұхбат және пікір алмасып, М.Мақатаев сөзіне жазылған «Есіңе мені алғайсың», «Сарыжайлау»,»Сәби болғым келеді»,«Бақытыңды жырлайды» әндер орындады, студенттер мен оқушылар «Үш бақытым», «Поэзия», «Фаризаға», «Мен таулықпын», «Аққулар ұйықтағанда» атты өлеңдерін оқып берді.
Тiлдер күні қарсаңында И. Шухов атындағы орталық қалалық кітапханада «Sana» әдеби-музыкалық клубының негізгі іс-шаралар жоспары аясында «Тіл-халықтың жаны, рухани қазынасы» кездесу кеші өтті
Тiлдер күні қарсаңында И. Шухов атындағы орталық қалалық кітапханада «Sana» әдеби-музыкалық клубының негізгі іс-шаралар жоспары аясында «Тіл-халықтың жаны, рухани қазынасы» кездесу кеші өтті. Іс-шараның мақсаты: мемлекеттік тіл мәртебесін нығайту, қазақ әдебиеті шығармашылығын насихаттау және дәріптеу, өскелең ұрпақтың адамгершілік-патриоттық тәрбиесіне ықпал ету, сондай-ақ түрлі этнос өкілдері арасында оның қолданыс аясын кеңейту.
Шара барысында спикерлер тіл туралы, тіл мәселесі туралы сөз өрбітті. Тіл — қай ұлттың болмасын тарихы мен тағдыры, тәлімі мен тәрбиесінің негізі, қатынас құралы. Тіл болмаса сөз болмайды. Сөз болмаса адамзаттың тірлігінде мән-маңыз болмайтыны белгілі. Демек, тілдің, сөздің орны ерекше. Тіл — халықтың жаны, рухани қазынасы, тұтастықтың тiрегi. Басты баяндамашылар Таласпаева Жанар — М. Қозыбаев атындағы СҚУ филология ғылымдарының кандидаты, доцент және Татаренко Мария — СҚО Қазақстан халқы Ассамблеясының журналистер клубының мүшесі, «Радзiма» СҚО белорустар мәдени орталығының қоғамдық бірлестігінің төрағасы тiлдiң рөлі туралы сөз өрбiттi, тарихы мен тағдыры, тәлім мен тәрбиенің негізі, қатынас құралы тіл екенін атап өтті. «Мемлекеттік тілді білу — елге құрмет, силастықтың нақты көрінісі» деп ойын сабақтаған Мария Татаренконың жүрекжарды толғанысы келген қонақтарды ерекше тебiренттi. Iс-шараға қатысқандар бейнероликтерді қарап, өз әсерлерімен бөлісті, шынайы ықыластарын білдіріп, зор қуаныш пен шабыт сыйлады. Осындай тәрбиелік мәні зор ic-шаралар арқылы жас ұрпақтың бойында ұлттық сана мен патриоттық рухты қалыптастыру әрине бiздiң басты мақсатымыз. Жиында кітап көрмесі де ұйымдастырылды. Клубтың кезекті отырысы музыкалық нөмірмен және естелік фотосуреттермен айақталды.
3
Image 1 of 6
«100 кітап» жалпыұлттық сауалнама
23 шілде күні И.Шухов атындағы ОҚК жанында құрылған «Sana» әдеби-музыкалық клубының негізгі іс-шаралар жоспары аясында «Ұлттық оқуға бастар 100 кітап» жалпыұлттық сауалнамасы жөнінде библиоэфир кездесу кеші өтті. «100 кітап» жобасы – еліміздің зиялы қауымының, оқырмандарының сүйікті шығармаларын кең аудиторияға ұсыну және қазақстандық жазушылардың шығармаларын дәріптеу. Президент ұлтымыздың алға жылжуының ең маңызды қадамдары кітаптар екенін атап өтті. Осы орайда эфирдің қадірлі қонағы Марал Зейнел-Ғабиқызы Оспанова болды. Ақын, қаламгер, сөз зергері, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі,»Егемен ел патриоты» республикалық байқауының жеңімпазы, «Қазақстан Республикасының коғам қайраткері», «Алтын жүрек» марапатының иегері. Марал Зейнел-Ғабиқызы сүйікті кітаптарды таңдау туралы, оқырмандарға ұсыныс беріп, балаларға қалай қызығушылық тандыру екені және тағыда қойылған сұрақтарға толығымен жауап беріп, Отанға, жеріне деген сүйіспеншілікті жасынан кітаптан, Абай романынан алғаны туралы айтып, соңында өзі ұнататын өлеңдерінен үзінді оқып берді. Ұлттық құрылтайдың бастамасымен іске асырылып жатқан «100 кітап» жалпыұлттық сауалнамасы оқу мәдениетін нығайтудағы жаңа қадам болады, ұлттың зияткерлік әлеуетін дамытуға және Қазақстан әдебиетінің рөлін күшейтуге ықпал ететін болады деп ойлаймыз.
Бұл кездесу оқуға деген қызығушылықты арттырып, рухани байлыққа бастар жол болады деген ойдамын, бұл тек атаулар тізімі емес, бұл – ұрпаққа аманат.Сондықтан кітап оқиық, пікір алмасайық, білімімізді бөлісейік. Шара соңында кітапхана директорының атынан алғыс білдіріп, сыйлық табысталды.
1
Image 4 of 5
Қайырлы таң «Кітапхана және өнер үндестігі»: Алтынай Сыздықова
10 сәуір күні И.Шухов атындағы орталық қалалық кітапханада «Sana» әдеби-музыкалық клубының негізгі іс-шаралар жоспары аясында мемлекет және қоғам қайраткері Жұмабек Тәшеневтің 110 жылдығына арналған «Алаштың асыл перзенті» атты биографиялық кеші өтті.
31 наурыз күні И.Шухов атындағы орталық қалалық кітапханада «Sana» әдеби-музыкалық клубының негізгі іс-шаралар жоспары аясында «Қазақстаным-мақтанышым» жергілікті әртістермен музыкалық-поэтикалық кездесу кеші өтті.
«Өткеннің тәжірибесі – болашақтың негізі»
2025 жылдың 22 қаңтар күні И.Шухов атындағы орталық қалалық кітапханада «Sana» әдеби-музыкалық клубының негізгі іс-шаралар жоспары аясында «Өткеннің тәжірибесі – болашақтың негізі» атты жыл қорытынды кездесу кеші өтті.
«Sana» әдеби-музыкалық кпубының құрылғанына үш жылдан асты. Осы уақыт ішінде біз қазақ әдебиетінің қалыптасуына атсалысқан жерлес қаламгерлердің есімдерін жастар жадында жаңғырту, насихаттау, ана тіліміздің қолданыс аясын кеңейту, мәртебесін нығайту, айтулы тұлғалардың мерейтойларын атап өту мақсатында, тарихи-мәдени мұрасын сақтауға ықпал етуге арналған көптеген кездесулерге қол жеткіздік.
Мәселен, 2024 жылы Зейнел-Ғаби Иманбаевтың 100 жылдығына арналған «Шығармашылық тұлға» онлайн-кездесу; «Біржан сал — қазақ әнінің шамшырағы» әдеби-музыкалық кеші; салт-дәстүрді сақтау мақсатында «Амал келді, жыл келді!»; мемлекеттік тіл мәртебесін бекіту мақсатында «Тіл-ұлт сипаты» лингвистикалық кеш; жастарды еңбекке баулу, үлкендерге деген сүйіспеншілікке, туған өлкеге, жерге деген сүйіспеншілікті бойларында қалыптастыру, кәсіпке баулу мақсатында «Өңірде із қалдырған есімдер» айдарында өңіріміздің атақты адамдарының өмірі мен шығармашылығымен кездесу циклінде Тілек Әбдірахманов, Жамбыл Тасеменов, Сағындық Салмұрзинмен кездесулер ұйымдастырдық; Аманжол Қошановтың 90 жылдығына орай «Тұлғасында тоғысқан алуан дарын» атты үлкен шығармашылық кештер өтті.
Барлық отырыстар мемлекеттік тілде өткізіледі. Тіл — адамзаттың интеллектуалдық әлеуетінің қазынасы ретінде халықтың ең құнды байлығы, сондықтан тіл мәдениетін көтеру, жеке тұлғаның үйлесімді дамуының маңызды құрамдас бөлігі ретінде музыкалық мәдениетке баулу арқылы рухани-адамгершілік тәрбиесінің негіздерін қалыптастыру болып табылатыны анық. Халқымыз үшін зиялы қауымның орны қашанда ерекше. Еліміздің дамуына үлес қосып жүрген азаматтарымыз, клуб мүшелері Сағындық Салмұрзин, Марал Оспанова, Күдерова Тойкен,Тәжин Жангелді, Қарақат Шалабаев, Төлеген Бәриұлы, Баймұқанов Дәстен, Мұқанова Бағдат, Мұсабаева Гүлбахша, Есмұқанова Гүлбаршын, Құскенов Самрат, Мұхамеджанов Жанат, Ботагөз Қожабекова және тағы басқа да белсенді қатысушылар жетістіктерімен жас буынға үлгі, өнеге болып, өздерінің шығармашылық қабілеттерін паш етіп, әдебиет пен музыка арасындағы байланысты сезініп, шығармашылық тұрғыда да дамутыға өз үлестерін қосуда. Қаламыздың белгілі азаматтары өз тәжірибесімен бөлісіп, тұрғындарды өз ана тілін құрметтеуге, оны күнделікті өмірде белсенді қолдануға шақырды. Жеткен жетістіктері де аз емес. Қуантарлық жаңалықтарымыз да баршылық, айта кетсек Марал Оспанова, Сағындық Салмурзин, Ботагөз Қожабекова клубтың тұрақты мүшелері биыл республика деңгейінде марапаттарға ие болды.
2025 жылға арналған негізгі жоспар құрылды, болашақта біз өз жұмысымызды одан әрі кеңейтіп, жастарды тартуға, сондай-ақ мемлекеттік тіл мен ұлттық мәдениетті сақтау мақсатында жаңа форматтағы шаралар өткізуді жоспарлап отырмыз. Осы мақсатта көптеген кітапханалар мен қоғамдық орындарда түрлі шығармашылық клубтар мен іс-шаралар ұйымдастырылып келеді. Соның бірі – әдеби-музыкалық клуб, қазақ әдебиеті мен музыкасының тұнығынан сусындап, оны жас ұрпаққа жеткізуді мақсат ететін бастама. Әдеби-музыкалық клуб – тек қана мәдени шаралар өткізетін алаң емес, ол қазақ халқының ұлттық рухын, тарихын, әдебиеті мен музыкалық өнерін жаңа тұрғыда танытатын ерекше орта.
«SАNА» әдеби-музыкалық клубы
Кітапханада алғашқы рет мемлекеттік тілде ересектерге арналған «SАNА» атты әдеби-музыкалық клубы ашылды. Қазақстанда мемлекеттік тілде оқу мәселесі мемлекеттік маңызы бар мәселе ретінде бірінші орынға шығады. Клубтық бағдарламаның сәтті жүзеге асуы мемлекеттік тілді халық арасында кеңінен насихаттауға, рухани, білімдік және интеллектуалдық деңгейінің жоғарылауына, Қазақстанның тарихи -мәдени мұрасын сақтауға ықпал етеді. Клуб өкілдері-әдебиет пен мәдениет саласындағы құрметті адамдар, қала тұрғындары.
Клубтың негізгі мақсаттары:
Қазақ әдебиеті мен ауызша халық шығармашылығын насихаттау және дәріптеу;
Мемлекеттік тіл мәртебесін нығайтуға жәрдемдесу.
Өскелең ұрпақты зияткерлік-рухани дамытуға, адамгершілік-патриоттық тәрбиелеуге ықпал ету.
Тарихи-мәдени және рухани мұраны сақтау.
Қарт адамдарды қолдау, қоғам өміріне араласуға ынталандыру, өз-өзіне деген сенімділікке ие болуға, шығармашылық қабілеттерін көрсету, өз білімін және тәжірибесін бөлісу.
II. Клубтың міндеттері:
1. Мемлекеттік тілде әдебиетті оқуға деген қызығушылықты арттыру, мемлекеттік тілді сақтауға жауапкершілікті қалыптастыру.
2. Клубтың жиналуы ай сайын (үшінші бейсенбі, сағат 15.00)
«Өткеннің тәжірибесі – болашақтың негізі»
2025 жылдың 22 қаңтар күні И.Шухов атындағы орталық қалалық кітапханада «Sana» әдеби-музыкалық клубының негізгі іс-шаралар жоспары аясында «Өткеннің тәжірибесі – болашақтың негізі» атты жыл қорытынды кездесу кеші өтті.
«Sana» әдеби-музыкалық кпубының құрылғанына үш жылдан асты. Осы уақыт ішінде біз қазақ әдебиетінің қалыптасуына атсалысқан жерлес қаламгерлердің есімдерін жастар жадында жаңғырту, насихаттау, ана тіліміздің қолданыс аясын кеңейту, мәртебесін нығайту, айтулы тұлғалардың мерейтойларын атап өту мақсатында, тарихи-мәдени мұрасын сақтауға ықпал етуге арналған көптеген кездесулерге қол жеткіздік.
Мәселен, 2024 жылы Зейнел-Ғаби Иманбаевтың 100 жылдығына арналған «Шығармашылық тұлға» онлайн-кездесу; «Біржан сал — қазақ әнінің шамшырағы» әдеби-музыкалық кеші; салт-дәстүрді сақтау мақсатында «Амал келді, жыл келді!»; мемлекеттік тіл мәртебесін бекіту мақсатында «Тіл-ұлт сипаты» лингвистикалық кеш; жастарды еңбекке баулу, үлкендерге деген сүйіспеншілікке, туған өлкеге, жерге деген сүйіспеншілікті бойларында қалыптастыру, кәсіпке баулу мақсатында «Өңірде із қалдырған есімдер» айдарында өңіріміздің атақты адамдарының өмірі мен шығармашылығымен кездесу циклінде Тілек Әбдірахманов, Жамбыл Тасеменов, Сағындық Салмұрзинмен кездесулер ұйымдастырдық; Аманжол Қошановтың 90 жылдығына орай «Тұлғасында тоғысқан алуан дарын» атты үлкен шығармашылық кештер өтті.
Барлық отырыстар мемлекеттік тілде өткізіледі. Тіл — адамзаттың интеллектуалдық әлеуетінің қазынасы ретінде халықтың ең құнды байлығы, сондықтан тіл мәдениетін көтеру, жеке тұлғаның үйлесімді дамуының маңызды құрамдас бөлігі ретінде музыкалық мәдениетке баулу арқылы рухани-адамгершілік тәрбиесінің негіздерін қалыптастыру болып табылатыны анық. Халқымыз үшін зиялы қауымның орны қашанда ерекше. Еліміздің дамуына үлес қосып жүрген азаматтарымыз, клуб мүшелері Сағындық Салмұрзин, Марал Оспанова, Күдерова Тойкен,Тәжин Жангелді, Қарақат Шалабаев, Төлеген Бәриұлы, Баймұқанов Дәстен, Мұқанова Бағдат, Мұсабаева Гүлбахша, Есмұқанова Гүлбаршын, Құскенов Самрат, Мұхамеджанов Жанат, Ботагөз Қожабекова және тағы басқа да белсенді қатысушылар жетістіктерімен жас буынға үлгі, өнеге болып, өздерінің шығармашылық қабілеттерін паш етіп, әдебиет пен музыка арасындағы байланысты сезініп, шығармашылық тұрғыда да дамутыға өз үлестерін қосуда. Қаламыздың белгілі азаматтары өз тәжірибесімен бөлісіп, тұрғындарды өз ана тілін құрметтеуге, оны күнделікті өмірде белсенді қолдануға шақырды. Жеткен жетістіктері де аз емес. Қуантарлық жаңалықтарымыз да баршылық, айта кетсек Марал Оспанова, Сағындық Салмурзин, Ботагөз Қожабекова клубтың тұрақты мүшелері биыл республика деңгейінде марапаттарға ие болды.
2025 жылға арналған негізгі жоспар құрылды, болашақта біз өз жұмысымызды одан әрі кеңейтіп, жастарды тартуға, сондай-ақ мемлекеттік тіл мен ұлттық мәдениетті сақтау мақсатында жаңа форматтағы шаралар өткізуді жоспарлап отырмыз. Осы мақсатта көптеген кітапханалар мен қоғамдық орындарда түрлі шығармашылық клубтар мен іс-шаралар ұйымдастырылып келеді. Соның бірі – әдеби-музыкалық клуб, қазақ әдебиеті мен музыкасының тұнығынан сусындап, оны жас ұрпаққа жеткізуді мақсат ететін бастама. Әдеби-музыкалық клуб – тек қана мәдени шаралар өткізетін алаң емес, ол қазақ халқының ұлттық рухын, тарихын, әдебиеті мен музыкалық өнерін жаңа тұрғыда танытатын ерекше орта.
no images were found
Аманжол Қошанұлы Қошановтың 90-жылдығына орай
«Тұлғасында тоғысқан алуан дарын» еске алу кеші
10 қазан күні И.Шухов атындағы орталық қалалық кітапхананың жанында құрылған «Sana» әдеби-музыкалық клубы аясында А.К.Қошановтың 90 жыл туғанына орай «Тұлғасында тоғысқан алуан дарын» еске алу кеші өтті.
Іс-шараның мақсаты әр түрлі мамандықтар әлемімен танысу, аймақтың танымал адамдарының өмірі мен шығармашылығымен танысу және кездесулер циклін жалғастыру .
Аманжол Қошанұлы Қошанов (11 қазан 1934 ж., Алқа-Ағаш ауылы, Шал ақын ауданы — 18 мамыр 2021 ж.) бастап — қазақстандық экономист, нарықтық экономика теориясы саласындағы маман. Экономика ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ҰҒА (Қазақстан Республикасының ұлтық ғылыми академиясы) толық мүшесі, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген ғылым қайраткері. Қазақстан Республикасының Ғылым және техника саласындағы мемлекеттік сыйлығының лауреаты.
Жүргізуші келген қонақтармен таныстырып өтті, ал іс-шара барысында сөз алған Мұқанова Бағдат Сәрсимбайқызы -«Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасы» КММ бөлім жетекшісі, ғылым кандидаты;, Картова Зауре Кеңесқызы- М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің «Қазақстан тарихы және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер» кафедрасының оқытушысы, тарих ғылымдарының кандидаты; Мұхамеджанов Шортанбай Қошқарбайұлы — Аманжол Қошановтың үлкен жиені; Оразалин Тұрар Сейтжанович- Шал ақын ауданы, Ардагерлер кеңесінің төрағасы; «Sаnа» әдеби-музыкалық клубының мүшелері және келген қонақтар көрнекті қазақстандық экономист туралы, оның еңбектері туралы айтып берді.
Қатысушыларға Аманжол Қошановтың өмірбаянымен және шығармашылығы туралы бейнеролик ұсынылды. Іс-шараға А.Қошановтың қала тұратын туыстары қатысты.
Сондай-ақ, Аманжол Қошанұлы Қошановтың 90-жылдығына орай «Адам. Еңбек. Мамандық.» көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеде А. Қ. Қошановтың фотосуреттері, құжаттары, кітаптары көрсетілген.
«Өңірде із қалдырған есімдер»
Белсенді қоғам қайраткері әрі саясаттанушы
Салмұрзин Сағындық Досмақұлы
26 қыркүйек күні И.Шухов атындағы орталық қалалық кітапхананың жанында құрылған «Өңірде із қалдырған есімдер» яғни «Кітапхана тұлғалары» портреттік галереясы айдары өтті.
Басты тұлға — саясаттанушы, қоғам қайраткері Салмұрзин Сағындық Досмақұлы 70 жасқа толып отыр. Іс-шараның мақсаты: мемлекеттік тіл мәртебесін нығайту, қазақ тіл білімінің болашағын бағамдау, тіл мәдениетін жетілдіру, әр түрлі мамандықтар әлемімен танысу, еңбек мерекесі күні қарсаңында жастарды еңбекке тәрбиелеу, үлкендерге деген сүйіспеншілік, туған өлкеге, жерге деген сүйіспеншілік мақсатында біздің аймақтың танымал адамдарының өмірі мен шығармашылығымен танысу және кездесулер циклі жалғасын табуда. Еңбек күні қарсаңында біздің өңірдегі танымал, еңбекқор адамдардың тарихы, жемістері туралы айтпақпыз. Өйткені Еңбекпен әр адамның бүкіл өмірі тығыз байланысты және үлгі бола алатын өте маңызды фактор болып табылады, себебі мұндай адамдардың жұмысы мәдениетті байытады, өз халқына деген сүйіспеншілік білдіреді.
Сағындық Досмақұлы Салмұрзин-«Sаnа» әдеби-музыкалық клубының төрағасы, Солтүстік Қазақстан облыстық тарихи- өлкетану музейінің қызметкері, белсенді қоғам қайраткері әрі саясаттанушы. Сағындық Досмақұлы өзі туралы және өзінің мамандығы туралы қысқаша сипаттап берді, сондай-ақ, бүгінгі таңда көптеген жетістіктерге жеткен жолдары туралы, зерттеу жұмытсары туралы, жастармен өте жылы қарым-қатынсталығы, туралы ,қазір да бұрынғысыша қоғамдық көптеген кездесулер,әріптес -жолдастары туралы және т.б. да сұрақтарға толығымен жауап берді. Кездесу өте жылы сезімде, тамаша атмосферада өтті.
18 қыркүйек күні И.Шухов атындағы орталық қалалық кітапхананың жанында құрылған «Sana» әдеби-музыкалық клубы аясында «Өңірде із қалдырған есімдер» яғни «Біздің жанымыздағы чемпиондар» атты кітапханалық библиоэфир айдары өтті.
Жамбыл Серғазыұлы Тасеменов — Солтүстік Қазақстан облысының Құрметті азаматы, «Қазақстан спортының құрметті қайраткері», «КСРО спорт шебері» атағын елімізде тұңғыш алған қазақтардың бірі, күрестен Кеңес одағы құрама командасының сапына бірінші болып алынған қазақ Қазақстан спортының еңбек сіңірген қайраткері, дарынды балаларға арналған мектеп-интернаттың ұйымдастырушысы және бұрынғы директоры, республиканың үш мәрте чемпионы, грек-рим күресі бойынша спорт шебері және көптеген тағыда лауазымының иесі шараның қадірлі қонағы болды.
Іс-шараның мақсаты: мемлекеттік тіл мәртебесін нығайту, қазақ тіл білімінің болашағын бағамдау, тіл мәдениетін жетілдіру, әр түрлі мамандықтар әлемімен танысу, еңбек мерекесі күні қарсаңында біздің аймақтың танымал адамдарының өмірі мен шығармашылығымен танысу және кездесулер циклі жалғасын табуда. Еңбек күні қарсаңында біздің өңірдегі танымал, еңбекқор адамдардың тарихы, жемістері туралы айтылады.
Сондықтан Жамбыл Серғазыұлы спорт жолына қалай келгені туралы, өзінің мамандығы туралы, бала Жамбыл қандай болды екен? қандай мемлекеттірдің жеңімапазы болып көптеген жеткен жетістіктері мен жуырда өткен 5 Көшпенділердің дүниежүзілік ойындары туралы және отбасы құндылықтары туралы біраз ақпарат берді.
«Шығармашыл тұлға» библиоэфир кеші
24 қаңтар күні И.Шухов атындағы орталық қалалық кітапхана «Sana» әдеби-музыкалық клубының негізгі іс-шаралар жоспары аясында жерлесіміз, жазушы, КСРО Жазушылар Одағының мүшесі, әдебиеттің дамуына зор үлес қосқан жандардың бірі Зейнел-Ғаби Иманбаевтың 100 жылдығына орай «Шығармашыл тұлға» атты библиоэфир кеші өтті.
Кездесу кешіне Оспановтар отбасы қатысты: Абай Бейсембайұлы-елеулі еліміздің ер азаматы, медицина саласына көп жылдары үлес қосқан құрметті дәрігер, хирург және жерлес жазушымыз, ақын, журналистер одағының мүшесі, арнайы қонағы Зейнел-Ғаби Иманбаевтың қызы Марал Зейнел-Ғабиқызы Оспанова.
«Біржан сал — қазақ ән-жырының шамшырағы»
28 ақпан күні И.Шухов атындағы орталық қалалық кітапханада «Sana» әдеби-музыкалық клубының негізгі іс-шаралар жоспары аясында «Біржан сал — қазақ ән-жырының шамшырағы » атты әдеби-музыкалық кеш өтті. «Біржан сал Қожағұлұлы – ақын, әнші, сазгер» атты бейнебаян көрсетіледі. Бейнебаянда Біржан салдың өмір жолы, ақындық, әншілік, сал-серілік қырларымен қатар оның айтыскерлігі туралы қосымша да мағлұмат беріледі.
«Амал келді, Жыл келді!»
14 наурыз күні И.Шухов атындағы орталық қалалық кітапхана қабырғасында Көрісу күнін қарсы алу мерекесіне орай «Амал келді, Жыл келді!» атты кеш ұйымдастырылды. Халық үшін Көрісу күні және Амал мерекесі сияқты киелі және әлеуметтік маңызы бар халықтық дәстүрлерді сақтау бүгінгі таңда өте маңызды болып табылады. Іс-шараның мақсаты: қазағымыздың салт-дәстүрлерінің бірі — амал мерекесінің ерекшелігімен таныстыру және үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетуге, сыйластыққа баулу.
«Тіл- ұлттың мінезі» лингвистикалық кеш
28 мамыр күні И.Шухов атындағы орталық қалалық кітапхананың жанында құрылған «Sаnа» әдеби-музыкалық клубының аясында «Тіл- ұлттың мінезі» лингвистикалық кеші өтті. Іс-шараның мақсаты: мемлекеттік тіл мәртебесін нығайту, қазақ тіл білімінің болашағын бағамдау, тіл мәдениетін жетілдіру, қазақ әдебиеті шығармашылығын насихаттау және дәріптеу, өскелең ұрпақтың зияткерлік-рухани дамуына, адамгершілік-патриоттық тәрбиесіне ықпал ету.
«SANA» әдеби-музыкалық клубының 2024 жылға арналған маңызды іс-шаралар жоспары
Іс-шаралардың атауы
Өткізу уақыты
1
«Шығармашыл тұлға» жазушы Зейнелғаби Иманбаевқа арналған кеш.
24 қаңтар
2
«Қазақ ән-жырының шамшырағы — Біржан сал»- музыкалық-поэтикалық кеш
27 ақпан
3
«Қош келдің,Наурыз», сәлемдесу күні
14 Наурыз
4
«Дәуірдің музыкалық символы»,»Сүйкті әншілер» жергілікті әртістермен кездесу
қыркүйек
5
«Тіл- ұлттың мінезі» лингвистикалық кеш
28 мамыр
6
«Өңірде із қалдырған есімдер», Сүлейменов Жарасбайдың 75-жылдығына кездесу кеші.
26 қыркүйек
7
«Тұлғасында тоғысқан алуан дарын» Аманжол Қошанұлы Қошановтың 90 жыл мерейтойына арналған кеш
10 қазан
8
«Аңыз-ғұмыр» қазақ халық ақыны-әнші және композитор, атақты Балуан Баймырзаұлының туғанына 160 жыл толуына орай кеш-арнау.
6 қараша
9
«Сөз шебері» көркемсөз оқу кеші. Қорытынды кеш.
18 желтоқсан
«SANA» әдеби-музыкалық клубы аясында өтетін маңызды іс-шаралар жоспары, 2024 жыл
Іс-шаралардың атауы
Өткізу уақыты
1
Иманбаев Зейнелғаби
қаңтар
2
«Біржан сал»- әдеби -музыкалық кеш
ақпан
3
«Нұрсебеле, Ұлыстың ұлы күні» этнографиялық кеш
14 наурыз
4
Музыкальный марафон
сәуір
5
«Тіл- ұлттың мінезі»
мамыр
6
Еңбек күні (Сүлейменов Жарасбай) 75 жылдығына орай
қыркүйек
7
Аманжол Қошанұлы Қошанов -90 жыл
қазан
8
Балуан Шолақ
қараша
9
Қорытынды
желтоқсан
«SANA» әдеби-музыкалық клубы аясында өтетін маңызды іс-шаралар жоспары, 2024 жыл