«Өлеңмен өрілген өмір»

И.Шухов атындағы  орталық қалалық кітапханада «Sana» әдеби-музыкалық клубының негізгі іс-шаралар жоспары аясында Есіл ауданының құрметті азаматы Есләм Зікібаевтың  90 жылдығына арналған «Өлеңмен өрілген өмір» атты әдеби-поэзиялық  кеші өтті.

           Іс-шараның мақсаты: қазақ поэзиясының көрнекті өкілі, ақын Есләм Зікібаевтың шығармашылық мұрасын насихаттау; ақынның өмір жолы мен әдебиетке қосқан үлесін таныстыру; жастарды поэзияға, көркем әдебиетке қызықтыру; ұлттық құндылықтарды дәріптеу, рухани тәрбие беру; оқырмандардың әдеби талғамын қалыптастыру.

            «Өлеңмен өрілген өмір» атты әдеби-поэзиялық кеш – қазақ поэзиясында өзіндік үнімен ерекшеленген ақын Есләм Зікібаевтың 90 жылдығына арналған рухани шара. Кеш барысында ақынның өмірі мен шығармашылығына шолу жасалып, оның лирикалық туындылары оқылды.  Есләм  Зікібаев  1936  жылы  маусымның  5-ші  жұлдызында  Солтүстік Қазақстан облысындағы қазіргі Есіл ауданының Өрнек ауылында туған. 1961 жылы Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика бөлімін бітірген. Еңбек жолы «Қазақстан пионері» («Ұлан») газетінде басталып, одан «Қазақстан әйелдері» журналында, «Социалистік Қазақстан» («Егемен Қазақстан»), «Жетісу» газеттерінде жалғасқан.

           Өзі туған Есіл ауданының Құрметті азаматы. Бірнеше мүшәйралардың жүлдегері. Қазақстан  Тәуелсіздігінің   10  жылдығына  орай  мемлекеттік  медальмен  марапатталды. 2002 жылы  ақын  өмірден  өтті. 2004 жылы  Үкімет  қаулысымен  Есләм  Зікібаевтың  есімі  Солтүстік  Қазақстан  облысы  Есіл  ауданы  Өрнек  орта  мектебіне  берілді. Ақынның  шығармалары  өз  халқына, Отанына, өз  еліне  деген  ақ  тілекпен  астарласып  отырады. Есләм  Зікібаев  бейбітшілік,  соғыс  тақырыбына  біраз  өлең  арнаған  ақын. “Жеңеше”  атты  лирикалық  поэмасы  осы  тақырыпқа  арналған көлемді  туынды. Поэма  жеңіл  оқылып, жылы  сезімге  шомылдырып  отырады.

           Кездесудің шымылдығын Ақан сері атындағы облыстық филармонияның әртісі Қарып Еркебұлан бір әнмен ашып берді. Сөз алған спикерлер ақынның өмірбаяны ақынның туыстары, жерлестері де қатысты. Есләм ағаның жұбайы —  Рауза Бакирқызы Алматы қаласында тұрады, жақында өзі жазған «Дүние жалған» кітабы жарық көрді, сол кітапты бізге пошта арқылы алып, көптеген фотосуреттерді де жіберді. Ол кісі бейнежазба арқылы біраз ақпарат айтып берді. Сонымен қатар «Өрнек» мектебінен келген оқушылар Есләм Зікібаевтың өлеңдерін оқып берді.

           Келген қонақтар ақын мұрасы туралы пікір алмасып, әдеби естеліктерімен бөлісті, көптеген фильмдер ұсынылды, жазба өлеңдер тыңдалды.Кеш көрермендерге рухани әсер сыйлап, поэзия әлеміне терең бойлауға мүмкіндік берді.

           Аталған іс-шараға «Sana» әдеби-музыкалық клубының мүшелері, ақынның туыстары, зиялы қауым өкілдері, ақын-жазушылар, студенттер қатысты. Жиынға қатысушыларға буклеттер таратылды, «Қаламгер қарымы» көрмеде тиісті кітаптар жинағы ұсынылды, соңында барлығы  естелік фотоға түсті.

 


 

Манаш Қозыбаевқа 95 жыл

И. Шухов атындағы орталық қалалық кітапхана жанынан құрылған «Sana» әдеби-музыкалық клубы мен Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің бірлесуімен көрнекті ғалым, академик Манаш Қозыбаевтың 95 жылдығына арналған «Манаш Қозыбаев — тұғыры биік тарлан тарихшы» тағылымды әдеби кеш өткізді.

Манаш Қозыбаев – тек ғалым ғана емес, елдің тарихын түгендеп, ұлттық сананы жаңғыртуға үлкен үлес қосқан тұлға. Оның еңбектері бізге өткенімізді танып, болашағымызды бағамдауға жол ашады. Манаш Қозыбаев – өткенді тірілткен, тарихқа жан бітірген, ұлттың жадын жаңғыртқан ұлы тұлға. Оның еңбектерін оқығанда, өз тамырыңды тереңірек сезінесің, өз еліңе деген мақтаныш сезімің оянады.  Әрине бұл – тек еске алу ғана емес, ұлт руханиятына өлшеусіз үлес қосқан тұлғаның мұрасын ұлықтау. бүгінгі кеш – жай ғана кездесу емес, бұл – рухпен қауышу, тарихпен тілдесу, ұлттың ұлы тұлғасына тағзым ету сәті.

Іс-шара барысында ғалымның симпозиумда сөйлеген сөзінен голограмма ұсынылып, көрермендерге ерекше әсер сыйлады. Сонымен қатар дәріс залында Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің тарихы туралы деректі фильм көрсетілді. Кеш аясында кітап көрмесі, сондай-ақ университет тарихы мен Манаш Қозыбаевтың өмірі мен шығармашылығына арналған мольберт көрмелері ұйымдастырылған.

Жиынға келген құрметті қонақтарға сөз берілді. Олардың қатарында әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі басқарма мүшесі Төлепберген Әділхан, «Қазақ филологиясы» кафедрасының филология ғылымдарының кандидаты, профессор Жанар Таласпаева, И.Шухов атындағы орталық қалалық кітапхананың қызметкері, «Sana» әдеби-музыкалық клубының жетекшісі — Алтынай Сыздықова,университеттің тарихи музей жетекшісі Ботагөз Қожабекова және университет студенттері бар.

Кештің көркем бөлігінде студенттердің орындауында «Манаш Қозыбаевқа арнау», «Манаш», «Манаш Қозыбаев», «Манаш Қозыбаевқа арнау» әндер шырқалып, күйлер орындалды.

Бұл – жай ғана еске алу кеші емес, ұлт руханиятына өлшеусіз үлес қосқан тұлғаның мұрасын ұлықтау, рухпен қауышып, тарихпен тілдескен тағылымды сәт болды. Осындай мәні зор кешті ұйымдастырушыларға алғыс білдіре отырып, рухани кездесулердің саны арта берсін деген тілегімді жеткіземін.

Осындай тұлғаның есімімен аталатын университеттің, кітапхананың рухани өмірге үлес қосып, «Sana» әдеби-музыкалық клубы арқылы осындай кештер ұйымдастыруы – қуантарлық жағдай. Бұл – жастарға үлгі, тарихқа құрмет. Осындай игі істер арқылы біз ұлы есімдерді ұмытпай, кейінгі ұрпақтың санасына сіңіріп келеміз.

 

 

 


 

 

Қазақстанда Кітапханашылар күні мен Ұлттық кітап күні 23 сәуірде бірге атап өтіледі. Мерекелердің осылайша бір күнге тоғысуы оның мән-маңызын арттыра түсіп, кітапханалардың білім тарату мен мәдени мұраны сақтаудағы орны ерекше екенін айқындайды. Жаңа күннің белгіленуі кітап мәдениетінің қоғамдық және кәсіби маңызын ұштастырып қана қоймай, іс-шараларды жоғары деңгейде ұйымдастыруға мүмкіндік береді. Себебі кітап – ұлттың рухани жадын сақтайтын асыл қазына. Кітап арқылы біз тек білім алып қана қоймай, өз тамырымызды, тарихымызды танимыз. Кітап – менің сырласым, жазуы – ақылдың қырағысы. Оқысаң – бойың тіктелер, ұлттың ертеңгі шырағысы! Осы орайда «Qyzylgar» телеарнасында кітапхананың тарихы туралы «Біздің өңір» бағдарламасының онлайн трансляциясында сұхбат бердім. Бағдарлама мәдени ошақтарды танытуға, жұмысын көрсету, кітапхана қызметі мен мүмкіндіктері туралы көрерменге танытуға бағытталған. Сұхбаттың тақырыбы: «Кітапхана:білім мен мәдениеттің ордасы».

https://www.instagram.com/reel/DXWD5Zfj4Cp/?igsh=ZnI0eHk3a3M2ZnF1

 

 


 

16 марта – День культуры и национальных традиций. В центральной городской библиотеке им.И. Шухова в рамках Плана основных мероприятий литературно-музыкального клуба «Sana» в целях популяризации национальных традиций и популяризации культурного наследия был проведен библиоэфир «Бата-народное наследие». Гость эфира-Абдрахманов Тлек Айтимович-почетный связист Республики Казахстан, ветеран тыла, Почетный гражданин Северо-Казахстанской области.

 


 

 

Литературный вечер  «Ғасыр ақыны-Мұқағали»

            В центральной городской библиотеке им.И. Шухова в рамках Плана основных мероприятий литературно-музыкального клуба «Sana» к 95-летию  Мукагали Макатаева прошел литературный вечер  «Ғасыр ақыны-Мұқағали».

           В самом начале организатор мероприятия рассказала об основной цели, о том, что Мукагали Макатаев оставил неизгладимый след в литературе, об укреплении статуса государственного языка, о пропаганде духовного наследия поэта в казахской поэзии, о содержании вечера.

           Открылось первое заседание года музыкальным номером на стихи Макатаева «Қазағым-ай», «Аягөз ару» в исполнении артиста областной филармонии имени Акана сери Есжанова Биржана — обладателя медали «Мәдениет саласының үздігі», лауреата международных и республиканских конкурсов.

           Был представлен видеоролик журналиста М. Бекбаевой о жизненном пути и полной биографии писателя. Мукагали-поэт века. Мукагали Макатаев родился в 1931 году в селе Карасаз Райымбекского района Алматинской области. Его стихи- это художественная летопись души казахского народа. Творчество поэта- это глубокое сочетание любви и печали, судьбы и времени, философии человека и общества. Мукагали Макатаев- поэт, не ограничивающийся временем, близкий человеку, воспевающий правду. Он-личность, которая постигла поэзию, приравнивая поэзию к жизни. Особенностью встречи вечера «Ғасыр ақыны-Мұқағали» является анализ творчества великого поэта, создание открытого диалога о поэзии. О творчестве поэта очень интересно рассказали мероприятия: Кускенов Самрат — Член Союза писателей Казахстана, поэт, журналист, Абдрахманов Тилек — Почетный связист Республики Казахстан, Почетный гражданин Северо-Казахстанской области,а также другие гости вечера. После выступлений был показан видеоролик со стихами в исполнении самого автора.

           В ходе мероприятия члены клуба и гости вечера обменялись мнениями о творческом пути поэта, исполнили песни на слова М. Макатаева «Есіңе мені алғайсың», «Сарыжайлау»,»Сәби болғым келеді»,«Бақытыңды жырлайды», студенты и школьники прочитали стихи автора  «Үш бақытым», «Поэзия», «Фаризаға», «Мен таулықпын», «Аққулар ұйықтағанда».

 

«Тіл – халықтың жаны, рухани қазынасы»

В преддверии Дня языков народа Казахстана в Центральной городской библиотеке имени И. Шухова состоялась познавательная встреча под названием «Тіл – халықтың жаны, рухани қазынасы». Этот важный праздник связан с именем великого казахского просветителя, учёного и общественного деятеля Ахмета Байтурсынова, чей вклад в развитие казахского языка и культуры трудно переоценить.

Мероприятие прошло в рамках работы литературно-музыкального клуба «Sana» и собрало людей разных возрастов и профессий, объединённых общим стремлением к духовному и языковому развитию. Целью встречи стало расширение сферы применения казахского языка, повышение его общественного статуса, а также укрепление патриотических чувств среди молодёжи. Особое внимание было уделено важности сохранения и развития государственного языка в многонациональном обществе. В числе приглашённых были члены клуба «Sana», представители интеллигенции, поэты и писатели, студенты, школьники, преподаватели и активные читатели библиотеки.

Язык – это душа народа, основа его культуры и самобытности. В рамках популяризации казахского языка наша библиотека регулярно проводит различные мероприятия: тематические викторины, классные часы, встречи, мы также активно рассказываем жителям о наших писателях и поэтах. Все это направлено на пробуждение интереса к родному языку и продвижение литературного наследия казахстанских авторов.

В ходе мероприятия выступили приглашённые спикеры. Таласпаева Жанар, кандидат филологических наук, доцент СКУ имени М. Козыбаева, Татаренко Мария – член Клуба журналистов Ассамблеи народа Казахстана по СКО, председатель Общественного объединения Белорусского культурного центра СКО «Радзіма» рассказали о важной роли государственного языка в современном обществе, о его статусе и практическом применении.
Также участники мероприятия активно делились мнениями, задавали вопросы, обсуждали актуальные аспекты развития казахского языка. Абдрахманов Тлек, почетный связист Республики Казахстан, Почетный гражданин Северо-Казахстанской области, очень интересно рассказал о роли языка, связывая с воспоминаниями из детства. Для школьников это было поучительно. Хотелось бы отметить, что язык – это не просто средство общения, а основа истории, воспитания, образования и культуры. Он отражает душу народа, его характер и мировоззрение. Именно поэтому важно осознавать ценность родного языка и стремиться к его сохранению и развитию. Сегодня такие мероприятия особенно важны для молодёжи и молодое поколение должно помнить свои корни, уважать традиции и родной язык, чтобы сохранить их и передать следующим поколениям.

Также была организована книжная выставка «Тіл – халықтың жаны, рухани қазынасы», на которой были представлены произведения, прославляющие национальные ценности, определяющие статус и значение языка.. Данная выставка направлена на повышение интереса и любви молодого поколения к родному языку, а также на расширение их духовного богатства.

 

Библиоэфир «100 популярных книг отечественной литературы»

            23 июля  2025 года  в центральной городской библиотеке им.И. Шухова в рамках литературно-музыкального клуба «Sana» состоялась встреча с  поэтом.   Библиоэфир  посвящен теме 100 популярных книг отечественной литературы. 23 апреля в Астане в рамках Национального дня книги состоялись презентация и старт общенационального опроса, который определит 100 популярных книг отечественной литературы. Главная цель опроса – сохранение и развитие литературного наследия страны, популяризация произведений казахстанских писателей, укрепление всеобщего интереса к чтению и поддержка издательского дела.

         Президент Касым-Жомарт Кемелевич Токаев подчеркнул, что самые значимые ступеньки к прогрессу нашей нации – это книги, и поэтому мы должны последовательно укоренять в обществе высокую культуру чтения. Реализуемый по инициативе Национального курултая общенациональный опрос «100 книг» станет новым шагом в укреплении культуры чтения, будет способствовать развитию интеллектуального потенциала нации и усилению роли казахстанской литературы. В этой связи на встречу приглашена Марал Зейнел-Габиевна Оспанова – поэт, писатель, член Союза журналистов Казахстана, победитель республиканского конкурса «Егемен ел патриоты», обладатель награды «Государственный деятель Республики Казахстан», и «Алтын жүрек».

         Спикер эфира Марал Оспанова ответила на поставленные ведущим вопросы: какими будут книги по вашему выбору?какие книги вы бы порекомендовали читателям? какую книгу вы бы порекомендовали прочитать молодежи сегодня?какие книги вы сейчас читаете сами?  есть ли любимая книга? Затем прочитала стихи собственного сочинения.

         Хочется верить, что данная встреча повысит интерес к чтению и станет началом пути к духовному богатству, это не просто список лучших книг, это вера для следующего  поколения, которые полюбят литературу. Поэтому давайте читать книги, обмениваться мнениями, делиться знаниями! В завершение мероприятия от имени директора библиотеки были вручены памятные книги.

5

Изображение 1 из 5