Қазақстанда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен бекітілген Ұлттық кітап күні атап өтілуде. Осыған орай елдің барлық өңірінде кітап оқу мәдениетін арттыруға және зияткерлік әлеуетті дамытуға бағытталған кітап апталығы ұйымдастырылған. Туған өлкенің тарихы, тұлғалары, тағдыры – барлығы да сөз өнері арқылы жаңғырып, ұрпақ санасына жол табады. 17 сәуір күні  «Сөз өнеріндегі өлкетану» кездесу тақырыбына байланысты ой бөлісу үшін арнайы қонағымыз Құскенов Самрат Дулатұлы-ақын, республикалық жыр мүшайраларының жүлдегері, «Qyzylgar nury» Петропавл қалалық қоғамдық-саяси газетінің аға тілшісі, Қазақстан жазышулар одағының мүшесі, И.Шухов атындағы орталық қалалық кітапхана жанында құрылған  «Sana» әдеби-музыкалық клубының мүшесі қадірлі қонағымыз болды.   

 

Дата создания: 20.04.2026
Дата обновления: 20.04.2026
Количество просмотров: 11