05.03.2020Республикалық Онлайн-семинарға қатысу туралы
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлiгiнiң Тiл саясаты комитетi Қазақстан Республикасы Президентi Әкiмшiлiгi Басшысының бiрiншi орынбасары М. Әшiмбаевтың әлiпбидi жетiлдiру жұмыстарын қорытындылау сатысындағы жұмыстарды ұйымдастыру жөнiндегi тапсырмасына орай ағымдағы жылғы 4 наурыз күнi сағат 11.00-де өңiрлiк тiлдердi дамыту жөнiндегi басқармалармен онлайн семинар өткiздi.
Семинар барысында латын графикасына негiзделген әлiпбидiң артықшылықтары мен кемшiлiктерiн толық сараланып, әлiпбидiң жетiлдiрiлген жаңа үш жобасы қаралды.
Сонымен қатар Ц, Ч, Ң жеке дыбыстарын таңбалауға байланысты сұрақтар да қарастырылды.