И.П. Шухов атымен
Шухов Иван Петрович – орыс жазушы, 1906 жылы 6 тамызда дүниеге келген. Ақынның туған жері — - Ақмола губерниясы, Петропавл уезді, Пресновка а. (қазіргі СҚО Жамбыл ауданы). Ол үлкен отбасында туған. Ең кішкентайы болды.
1914-1927 жылдары Иван Преснов бастауыш мектебінде оқыды. Петропавл педагогикалық техникумді тамамдап, Омбы жұмысшы факультетін бітірген, Мәскеуде Брюсов атындағы Жоғары әдеби-көркем институтында оқыды. Осы жылдары жазушы «Юный степняк» (Петропавл) газетінде, «Крестьянская молодежь», «Студенческая молодежь» журналдарында бірінші өлеңдері мен әңгімелері жарық көрді.
30 жылдары И.П. Шухов ұйымдастыру комитетінің бүкілодақтық 1 шақырылым кеңес үкіметінің жазушылар өкілі болды.
Жазушының алғашқы туындысы — «Қасірет белдеуі» романы қазақ, орыс халықтарының Қазан төңкерісінен көтерілген тарихи оқиғалар 1-дүниежүзінің соғыспен кейінгі өмірін суреттеуге арналған.
1932 жылы «Өшпенділік» романы шықты (аталғана роман бойынша 1935 жылы «Вражьи тропы» фильмі түсіріліп шықты).
Солтүстік Қазақстандағы ұжымдастыру тақырыбында «Отан» романында (1936) жалғасын тапқан.
1940 жыл «Майдандағы армия» романы «Қасірет белдеуі» романына жалғасты.
Солтүстік Қазақстан облысындағы Пресновка ауданы «Ударник» газетінің редакторы, 1963-1974 жылы «Литературный Казахстан» альманахының (қазіргі «Простор») бас редакторы болды. Шуховтың көптеген туындылары КСРО және шет ел тілдерінде басылды.
Шуховтың әр кезеңдерде «Алтын алқап» кітабы (1957), «Американың күндері мен түндері» (1960), «Югославия күнделігі» (1963), т.б. очерктер жинағы, «Туған ел және жат жер» деген прозалық топтамасы (1968), «Қара шеңбер» әңгімелер жинағы (1932), «Қазақстан желі өтінде» очерктер жинағы (1931), «Көмескі ой» пеьсасы (1933), т.б. жарық көрген.
1959 жылы жазушылар құрамында болған И.П. Шухов АҚШ болды. Нәтижесінде «Американың күндері мен түндері» атты публицистикалық кітап жарық көрген.
1963 жылы Югославияға барғаннан кейін «Известия» газетінде «Югославия күнделігі» «Дыхание Адриатики» саяхат туралы жазбалар шықты.
1963 жылы «Литературный Казахстан» альманахының (қазіргі «Простор») бас редакторы болды. Сол жылдары аталған журнал ең атақты,беделді шығарылым болып табылды.
Иван Петрович Шуховтың ең соңғы творчестволық шағармалырың бірі — «Трава в чистом поле», «Отмерцавшие марева».
Осы шығармалар автобиографиялық цикл болып 1975 жылы «Пресновские страницы» атты кітап «Жазушы» баспасөз бетінде алғашқы рет шықты. Бұл кітап Абай атындағы КСР-інің Мемлекеттік сыйлығына лайықталған.
Иван Петрович 1977 жылдың 30 сәуірінде 71 жасында қайтыс болды.
1977 жылы желтоқсан айында Орталық қалалық кітапханаға және қаланың бір көшесіне белгілі Қазақстан жазушысы Иван Петрович Шуховтың есімі берілді.
Петропавл қаласының тұрғындары жазушының өмірі Солтүстік Қазақстан облысымен тығыз қарым-қатынаста болғанын мақтан тұтады.
И. Шухов атындағы орталық қалалық кітапхананың қызметкерлері жазушы жерлесіміздің творчествосын насихаттау және «Взмах крыла лебединого» атты жүйелі бағдарламаны жүзеге асыру бойынша көптеген жұмыс атқарады.