+A A -A

Жастармен жұмыс

«И. Шухов атындағы орталық қалалық кітапхана» КММ

«И. Шухов атындағы орталық қалалық кітапхана» КММ жастармен жұмыс бойынша ақпарат

ҚР Мәдениет және спорт министрлігі жүйесіндегі Петропавл қаласының ОКЖ құрамына 4 кітапхана: И.Шухов атындағы ОҚК, 2 қалалық кітапхана-филиалдары және Зағиптар мен нашар көретін азаматтарға арналған арнайы кітапхана кіреді. Оқырмандарға қызмет көрсеткенде балаларға, жастарға, қарт адамдарға, мүгедектерге ерекше назар аударылады. Петропавл қ. ОКЖ (Орталықтандырылған кітапханалық жүйе) бойынша оқырмандардың жалпы саны 10524 адамды құрап, соның ішінде 15 жасқа дейінгі балалар -3101 адамды құрап, жасөспірімдер (15 жастан 21 жасқа дейін) — 3759 адамды құрады.

ОКЖ мемлекеттік мекемелермен және үкіметтік емес ұйымдармен, соның ішінде оқу мекемелерімен (Бірінші гимназия, №1, №12, №32, №17, №20 орта мектептермен, «Дарынды балалар мектебі- Өнер колледжі» кешенімен, М.Жұмабаев атындағы гуманитарлық колледжбен, Петропавл теміржол көлігі колледжімен), «Жас Отан» жастар қанатымен, СҚО Жастар ресурсы орталығымен, Солтүстік–Қазақстан медицина және Петропавл гуманитарлы-техникалық колледждерімен әлеуметтік әріптестікті қолдайды.

Ортақ әрекетпен дайындалған шаралар ақпараттық, бос уақыттық және танымдық әсерге қанық мінезге, жарқын көзге көрінетін сүйемелдеуге ие болады. Шаралар мемлекеттік мерекелерге, жазушылар мен қоғам қайраткерлердің мерейтойлық даталарына, салауатты өмір салтын насихаттауға, патриоттық және өнегелік тәрбиеге арналады.

Петропавл қ. ОКЖ жастармен жұмыс бойынша жаңа жобалар іске асады, бұл: «TED стилінде сөз сөйлеу» (жоба жастарды кітапхананың жұмысына белсенді қатысуға бағытталған), «Шеңбер бойымен жақсылықты бер» (жоба жас ұрпақ арасында адамгершілікті қалыптастыруға бағытталған), И.Шухов атындағы ОҚК оқу залымен іске асырылып жатқан «Кітапханадағы волонтерлер» жаңа жобасы жасалды, «Психогигиена бойынша жаттығулар» жобасы (жобаның мақсаты: оқушылардың өзі, өзінің мүмкіндіктері мен қабілеті туралы білімдерін кеңейту, қазіргі қоғамда қиындықтарды жеңуге үйрету). Осы жобалар мен Жастар жылы аясында келесі шаралар жоспарланды:

Жыл ағымында Әдістемелік-библиографиялық және ақпараттық жұмыс бөлімімен өткізілетін шараларға арналып түрлі жарнама-баспа өнімдері: ақпараттық парақтар, бүктемелер, тізімдер, дайджесттер, ұсынылатын әдебиеттер тізімі, проспекттер және т.б. шығарылады.

Мақаланы құрған күні 15.01.2020 14:08
Мақаланы жаңартқан күні 23.12.2020 16:51
Қаралым саны: 1344