+A A -A

04.12.2020Дүниежүзілік Еріктілер күні

5 желтоқсанда бүкіл әлемде атап өтілетін Дүниежүзілік Еріктілер күні қарсаңында И. Шухов атындағы орталық қалалық кітапханада «Еріктілер күні» қорытынды кездесуі өтті. Солтүстік Қазақстан облысы Әділет департаменті жанындағы заңгер-еріктілер штабының кураторы Махаббат Хасанова және «Еріктілер-дәрігерлер» жобасының үйлестірушісі Рүстем Арманов осы бағыттағы жұмыстары туралы айтып берді.