24.02.2020«Жерлестер Сәбитті оқиды» кеші
Биыл қазақтың ұлы жазушысы,есімі қазақ әдебиетінің «алыптар шоғыры» қатарында аталатын С. Мұқановтың туғанына 120 жыл толуына орай И.Шухов атындағы қалалық кітапханада «Жерлестер Сәбитті оқиды» атты іс-шара өтті.
Кеште шығармалары ел тарихының шежіресі болып сайрап тұрған Сәбеңнің шығармаларынан үзінділер оқылып қана қоймай,Солтүстік Қазақстан университеті мен университет колледжі студенттерінің қатысуымен театрландырылған көріністер қойылды.Кештің құрметті қонақтары жазушының немере туысы Мұстафин Ермек,ардагер Сәбиттанушы Қуантаев Ахметжан өз естеліктерімен,деректерімен бөлісті.Университет студенті Қуандық Кенжегүл Сәбеңе арнаған өлеңін оқыды.