15.10.2020«Руханилықтың қайнар көзі» кездесу кеші өткізілді
14 қазан И.Шухов атындағы ОҚК оқырман залында Рухани келісім күніне арналған «Руханилықтың қайнар көзі» кездесу кеші өткізілді.
Өткізу мақсаты — бейбітшілік пен тұрақтылық жолында толеранттылық пен рухани келісім идеяларын насихаттау.
Кездесу кешінің қатысушылары:
- конфессияаралық қатынастарды талдау және дамыту бөлімінің сарапшы-талдаушысы — А.Қ. Сабағанова,
- «Кәусәр» мешітінің наиб имамы — Абдулла Мухаммад,
- Вознесен соборының діни қызметкері — Антоний Чуриков.
Кездесу кеш барысында жастарды рухани-адамгершілікке тәрбиелеу проблемалары мен болашағы туралы пікір алмасу болды.