+A A -A

«Sana» клубы

«SАNА» әдеби-музыкалық клубы

Кітапханада алғашқы рет мемлекеттік тілде ересектерге арналған "SАNА" атты әдеби-музыкалық клубы ашылды. Қазақстанда мемлекеттік тілде оқу мәселесі мемлекеттік маңызы бар мәселе ретінде бірінші орынға шығады. Клубтық бағдарламаның сәтті жүзеге асуы мемлекеттік тілді халық арасында кеңінен насихаттауға, рухани, білімдік және интеллектуалдық деңгейінің жоғарылауына, Қазақстанның тарихи -мәдени мұрасын сақтауға ықпал етеді. Клуб өкілдері-әдебиет пен мәдениет саласындағы құрметті адамдар, қала тұрғындары.

Клубтың негізгі мақсаттары:

  1. Қазақ әдебиеті мен ауызша халық шығармашылығын насихаттау және дәріптеу;
  2. Мемлекеттік тіл мәртебесін нығайтуға жәрдемдесу.
  3. Өскелең ұрпақты зияткерлік-рухани дамытуға, адамгершілік-патриоттық тәрбиелеуге ықпал ету.
  4. Тарихи-мәдени және рухани мұраны сақтау.
  5. Қарт адамдарды қолдау, қоғам өміріне араласуға ынталандыру, өз-өзіне деген сенімділікке ие болуға, шығармашылық қабілеттерін көрсету, өз білімін және тәжірибесін бөлісу.

II. Клубтың міндеттері:

1. Мемлекеттік тілде әдебиетті оқуға деген қызығушылықты арттыру, мемлекеттік тілді сақтауға жауапкершілікті қалыптастыру.

2. Клубтың жиналуы ай сайын (үшінші бейсенбі, сағат 15.00)


"Шығармашыл тұлға" библиоэфир кеші

24 қаңтар күні И.Шухов атындағы орталық қалалық кітапхана "Sana" әдеби-музыкалық клубының негізгі іс-шаралар жоспары аясында жерлесіміз, жазушы, КСРО Жазушылар Одағының мүшесі, әдебиеттің дамуына зор үлес қосқан жандардың бірі Зейнел-Ғаби Иманбаевтың 100 жылдығына орай "Шығармашыл тұлға" атты библиоэфир кеші өтті.

Кездесу кешіне Оспановтар отбасы қатысты: Абай Бейсембайұлы-елеулі еліміздің ер азаматы, медицина саласына көп жылдары үлес қосқан құрметті дәрігер, хирург және жерлес жазушымыз, ақын, журналистер одағының мүшесі, арнайы қонағы Зейнел-Ғаби Иманбаевтың қызы Марал Зейнел-Ғабиқызы Оспанова.

 

"Біржан сал - қазақ ән-жырының шамшырағы"

28 ақпан күні И.Шухов атындағы орталық қалалық кітапханада "Sana" әдеби-музыкалық клубының негізгі іс-шаралар жоспары аясында "Біржан сал - қазақ ән-жырының шамшырағы " атты әдеби-музыкалық кеш өтті. «Біржан сал Қожағұлұлы – ақын, әнші, сазгер» атты бейнебаян көрсетіледі. Бейнебаянда Біржан салдың өмір жолы, ақындық, әншілік, сал-серілік қырларымен қатар оның айтыскерлігі туралы қосымша да мағлұмат беріледі.

 

«Амал келді, Жыл келді!»

14 наурыз күні И.Шухов атындағы орталық қалалық кітапхана қабырғасында Көрісу күнін қарсы алу мерекесіне орай «Амал келді, Жыл келді!» атты кеш ұйымдастырылды. Халық үшін Көрісу күні және Амал мерекесі сияқты киелі және әлеуметтік маңызы бар халықтық дәстүрлерді сақтау бүгінгі таңда өте маңызды болып табылады. Іс-шараның мақсаты: қазағымыздың салт-дәстүрлерінің бірі — амал мерекесінің ерекшелігімен таныстыру және үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетуге, сыйластыққа баулу.

 

 

«Тіл- ұлттың мінезі» лингвистикалық кеш

28 мамыр күні И.Шухов атындағы орталық қалалық кітапхананың жанында құрылған «Sаnа» әдеби-музыкалық клубының аясында «Тіл- ұлттың мінезі» лингвистикалық кеші өтті. Іс-шараның мақсаты: мемлекеттік тіл мәртебесін нығайту, қазақ тіл білімінің болашағын бағамдау, тіл мәдениетін жетілдіру, қазақ әдебиеті шығармашылығын насихаттау және дәріптеу, өскелең ұрпақтың зияткерлік-рухани дамуына, адамгершілік-патриоттық тәрбиесіне ықпал ету.

  

 

 "SANA" әдеби-музыкалық клубының 2024 жылға арналған маңызды іс-шаралар жоспары

 

Іс-шаралардың атауы

Өткізу уақыты

1

"Шығармашыл тұлға" жазушы Зейнелғаби Иманбаевқа арналған кеш.

24 қаңтар

2

"Қазақ ән-жырының шамшырағы - Біржан сал"- музыкалық-поэтикалық кеш

27 ақпан

3

«Қош келдің,Наурыз», сәлемдесу күні

14 Наурыз

4

"Дәуірдің музыкалық символы","Сүйкті әншілер" жергілікті әртістермен кездесу

қыркүйек

5

«Тіл- ұлттың мінезі» лингвистикалық кеш

 

28 мамыр

6

"Өңірде із қалдырған есімдер", Сүлейменов Жарасбайдың 75-жылдығына кездесу кеші.

26 қыркүйек

7

"Тұлғасында тоғысқан алуан дарын" Аманжол Қошанұлы Қошановтың 90 жыл мерейтойына арналған кеш

10 қазан

8

"Аңыз-ғұмыр" қазақ халық ақыны-әнші және композитор, атақты Балуан Баймырзаұлының туғанына 160 жыл толуына орай кеш-арнау.

6 қараша

9

«Сөз шебері» көркемсөз оқу кеші. Қорытынды кеш.

18 желтоқсан

 

"SANA" әдеби-музыкалық клубы аясында өтетін маңызды іс-шаралар жоспары, 2024 жыл

 

Іс-шаралардың атауы

Өткізу уақыты

1

Иманбаев Зейнелғаби

қаңтар

2

"Біржан сал"- әдеби -музыкалық кеш

ақпан

3

«Нұрсебеле, Ұлыстың ұлы күні» этнографиялық кеш

14 наурыз

4

Музыкальный марафон

сәуір

5

«Тіл- ұлттың мінезі»

мамыр

6

Еңбек күні (Сүлейменов Жарасбай) 75 жылдығына орай

қыркүйек

7

Аманжол Қошанұлы Қошанов -90 жыл

қазан

8

Балуан Шолақ

қараша

9

Қорытынды

желтоқсан

 

"SANA" әдеби-музыкалық клубы аясында өтетін маңызды іс-шаралар жоспары, 2024 жыл 

 

Іс-шаралардың атауы

Өткізу уақыты

1

Иманбаев Зейнелғаби

қаңтар

2

"Біржан сал"- әдеби -музыкалық кеш

ақпан

3

«Нұрсебеле, Ұлыстың ұлы күні» этнографиялық кеш

14 наурыз

4

Музыкальный марафон

сәуір

5

«Тіл- ұлттың мінезі»

мамыр

6

Еңбек күні (Сүлейменов Жарасбай)

қыркүйек

7

Аманжол Қошанұлы Қошанов -90 жыл

қазан

8

Балуан Шолақ

қараша

9

Қорытынды

желтоқсан

Мақаланы құрған күні 16.05.2024 15:06
Мақаланы жаңартқан күні 06.06.2024 16:01
Қаралым саны: 180