6-12 жастағы балалар үшін.
Клубтың мақсаты - балаларды кітапханаға белсенді тарту, оларды кітап пен оқуға қызықтыру, бос уақытын ұйымдастыру.
Міндеттері: оқырмандардың қызығушылығын дамыту, әр түрлі жұмыс түрлері арқылы балалардың кітапқа деген қызығушылығын дамыту.
Клуб отырыстары жоспарға сәйкес айына бір рет кітапханада өтеді. Барлық іс-шаралар сиқырлы, фольклорлық ертегілермен байланысты, әсіресе балалар тәрбиесіндегі ертегінің рөлін ерекше атап өту керек.
Іс-шаралар формалары әртүрлі: әдеби сағаттар, әдеби ойындар мен викториналар, ертегілік саяхаттар.
"Сиқырлы қазан" ертегілер клубы аясында «Әл-Фараби» мектеп-лицейінің 1 «а»
сынып оқушыларының қатысуымен «Бір бірімізді мақтайықшы» атты мейірімділік
сабақ өткізілді
Сәуірдің 16-ы күні «Әл-Фараби» мектеп-лицейінде 1 сынып оқушыларының
қатысуымен «Ең жақсы демалыс- бұл кітаппен демалыс» атты әдеби круиз
өткізілді
Сәуірдің 9-ы күні «Әл-Фараби» мектеп-лицейінде балалар мен жасөсіпірімдер
кітап аптылығы аясында 1 сынып оқушыларымен «Міне, олар қандай сүйікті
мультфильмдер» атты кітапханалық кинозал өтті
28 ақпан 2024 жылы «Сиқырлы қазан» ертегілер клубы аясында
М.Жұмабаев IT мектеп-лицейінде 3 сынып оқушыларымен «Күн сайынғы
әдептілік» этикет сағаты өтті
23 қаңтар 2024 жылы «Сиқырлы қазан» ертегілер клубы аясында М.Жұмабаев IT мектеп-
лицейінде 4 сынып оқушыларымен, балалар әдебиетінің атасы Б.Соқпақбаевтың
шығармашылығына арналған презентация өтті
«Сиқырлы қазан» клубы аясында «Әл-Фараби» мектеп-лицейінің 4- сынып оқушыларының қатысуымен «1001 мақал, 100 жұмбақ» атты сөздік ойын-викторина өтті